Өте бір үлкен адамның әкесін жерлеуге бардым.
«Мына мәйітті енді кім қояды орнына?», - десем ешкім тұрмады.
Дүниеден өткен кісінің баласы да тұр жанымызда. Костюм шалбарды қатырып киіп алған, қыры қылыштай болып тұр. Үстіне тиген топырағын қағып-қағып қояды.
- Мынаның баласы бар ма? – дедім мен.
- Иә, бар.
- Кім?
- Менмін.
- Мына әкеңді қоймайсың ба? – десем, «өздерің қоя салыңдаршы, өздерің қоя салыңдаршы» дейді қашқалақтап.
- Е, Астапыралла, сен қорқып жатқан бұл ешек емес, бұл ит емес, бұл – сенің ӘКЕҢ ҒОЙ, ӘЗИЗ ӘКЕҢ, сені дүниеге келтірген әкең еді ғой бұл. Сенің ең әзиз, ең жанашыр әкең еді ғой. Енді өлгеннен кейін керек болмай қалды ма?! Өліктен қорқам дейді, бұл өлік сенің әкең.
Ғайбат айтуға қорықпаймыз, өсек айтуға қорықпаймыз, сигарет, насыбай шегуге қорықпаймыз, біреудің арқасынан жазуға қорықпаймыз. ӘКЕМІЗДІ ҰСТАП, ҚАБІРГЕ ҚОЮДАН ҚОРҚАМЫЗ БА?
Әбдіғаппар Сманов
Оставить комментарий