Ляйсира Алагөзова Тұрсынғали Алагөзовпен ажырасу туралы арыздын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Алматы қалалық Бостандық аудандық сотының өкілдері хабарлады.
Соттағылардың айтуынша, бірінші болып ажырасу туралы арызды 1 ақпанда Тұрсынғали Алагөзовтің әйелі Ляйсира Алагөзова берген. "7 ақпанда азаматтық істің материалдарын сотқа дайындау туралы шешім қабылданған. Осыдан кейін тараптар 14 ақпанда сотқа шақыртылған. Кейін 17 ақпанда соттың кеңсесі арқылы шағымданушыдан, яғни Алагөзовадан шағым-талапты қараусыз қалдыру бойынша өтініш келіп түсті. 23 ақпанда судья істі қараусыз қалдыру туралы шешім шығарды. Осылайша өнідіріс тоқтатылды", - деп хабарлады соттағылар.
Ал 14 ақпанда Тұрсынғали Алагөзовтен сотқа ажырасу туралы арыз талап түскен. "Сол күні азаматтық істің материалдарын сотқа дайындау туралы шешім қабылданған. Тараптар 1 наурызға сотқа шақыртылған. Осыдан кейін Алагөзовтен тараптардың татуласуына байланысты шара қабылдау туралы өтініш түскен. Бүгін тараптармен әңгіме жұмыстары жүргізілді. Ал 9 наурызда тараптардың татуласуы мәселесі қарастырылады", - деп хабарлады соттағылар.
Еске салайық, осыған дейін Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзов бірігіп берген алғашқы сұхбатында таныстыққа тіс дәрігерінің қандай қатысы бар екенін, 10 маусымдағы атышулы оқиғаны қалай бастан өткергенін және алға қандай жоспар қойып отырғанын айтып берген еді. Осы сұхбатында Алагөзов ажырасу үстінде екенін мәлімдеген болатын.
Оставить комментарий