Жезөкшелікке салынған қазақ қыздары теріс жолға қалай түскенін баяндап берді

/uploads/thumbnail/20170709220619256_small.jpg

Қазына, 20 жас

«Мен Тараздан Алматыға келдім. Университетке түстім. Қалада туыстарым болмады. Ол кезде небәрі 17-де едім. Жатақханада тұрдым. Бұзылған қыздардың ортасына түсіп оқуымды тастап кеттім. Сабаққа көп келмегендіктен университеттен шығарып жіберді. Үйге қайтып барғым келмеді. Жұмыс таппай жүргенде құрбым бір «ағашканың» үйіне түнеуге шақырды. Мен кішкене қорқақтадым. Ертесі күні 50 жастағы ер адам әрқайсымызға 100 доллардан берді».

Арай, 21 жаста

«Мен Жаркенттенмін. Алматыға экономист боламын, колледжде  оқимын деп келгенмін. Алайда ата-анам оқуға жіберген ақшаны жаратып тастадым. Оқудың ақшасы төленбегендіктен колледжден шығарып жіберді. Кафеде даяшы болып жұмысқа тұрдым. Одан кейін караокеде жұмыс істей бастадым. Дәл сол жерде "клиенттермен" байланыс орнаттым. Олардың көбіне шетелдіктер. Яғни қытайлық, жапондық және корейліктер. Сейфуллинадағы түнгі клубта да жұмыс істеймін. Бір түнде 50 ден 200 долларға дейін табамын. Үйге қайтып барғым келмейді. Әке-шешем мені жақсы жұмыс тапты деп ойлап жүр. Ал айтуға ұяламын».

Сажида, 19 жас

«Мен далада қалдым. Сондықтан шақыру бойынша жұмыс істеуге тура келді. Саунаға құрбыларымен бардым. Екі құрбыммен жұмысшы еркектермен бір үйде тұрған кездерде де болды. Олардың саны онға жететін. Оның ішінде жасы да, кәрісі де бар еді. Қазір Қаскеленге баратын жолдың бойында орналасқан базарлардың бірінде жұмыс істеймін. Саудагерлер менің қызметіме сағатына 2-3 мың теңге төлейді».

Жібек, 20 жас

«Менің анам жас жігітке тұрмысқа шықты. Біраз уақыттан кейін ол маған тиісе бастады. Анам маған көмектесудің орнына мені үйден  қуып шықты. Қыздармен пәтерде тұратын құрбыммен бірге тұра бастадым. Бір күні ол мені бір жігіттермен таныстырды. Олар маған пәтерге бірге баруды ұсынды. Мен бас тарттым. Сол кезде біреуі ұялы телефонымды алып лақтырып жіберемін деп қорқытты. Сондықтан баруға тура келді. Олар менің сусыныма бірдеңені қосып жіберіпті. Таң ертең сол жігіттердің жанында ояндым. Көшеде жүгіріп жылап келе жатқаным есімде. Мен де тіпті құжаттарымда болмады. Ендігі бір жолы мені ересек такси жүргізушісі зорлап кетті. Осыдан кейін жезөкшелікпен айналыса бастадым. Себебі маған ақша керек еді».

Мәлімет facebook-тегі Kazakh Tours парақшасынан алынды. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи