Қазақстандық үш азамат Қытайдан елге оралмақ

/uploads/thumbnail/20170709220709095_small.jpg

Жақын арада ҚХР Қазақстанға Қытай территориясында сотталған үш азаматты жібермек деп хабарлайды qamshy.kz caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар, тағы да үш азаматты өз елдеріне жіберу мәселесі талқыланатын болады.

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевтің хабарлауынша, ҚХР-ның Әділет министрлігінің орынбасары Лю Чжицянмен кездесу өтті.

«Кездесу барысында қазақстандық үш азаматты елге қайта оралту мәселесі бойынша келісімге қол жеткізілді. Жақын арада Қытай елінде сотталған қазақстандық азаматтарды отанға жіберу процесі жүзеге асырылады. Ал тағы үш азаматты елге қайтару мәселесі бойынша, Қытай жағымен алда қарасатырылатын болады»-деп хабарланды.

Қазақстан Сыртқы Істер Министрлігінің мәліметтеріне қарағанда 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін, Қытай мен Қазақстан елдері арасындағы сотталған  азаматтарды аудару келісімі бойынша  11 қазақстандық азамат елге  қайтарған. Ал тағы 12 қазақстандық азамат Қытай территориясында жазаларын өтеуде.

Оставить комментарий

Связанные Статьи