Димаш Құдайберген сырқаттанып қалды

/uploads/thumbnail/20170709221044266_small.jpg

Әлеуметтік желіде Димаштың фан парақшасын ашқан жанкүйерлері оның ауырып қалғанын жазды деп хабарлайды qamshy.kz. Мұны оқығандар қазақстандық әншіге тезірек сауығып кетуін тілеп жатыр. Димаштың ауырғанына қарамастан сахнаға шығып, ән айтып және бесінші орын алғанын жоғары бағалауда.

Қытай елінде өтіп жатқан I Am a Singer байқауының 8-ші кезеңінде ән айтқанда дауысы қарлығып шыққан. Инстаграм әлеуметтік желісін қолданушылар оның Ақтөбеге келгенде суық тигізіп алуы мүмкін деп топшылайды.

 Естеріңізге сала кетейік, Димаш сегізінші  кезеңде қытайлық танымал әнші Хан Хунның «Таң атты» әнін орындап, бесінші орын алды. Ал осы сенбіде отандасымыздың аталмыш жобада қазақтың «Дайдидау» атты әні Қытайдың Hunan TV арнасынан көрсетіледі.

 

Связанные Статьи