Кеше Ахмет Байтұрсынұлы мұражай үйінде Алаш арыстарына арналған асқа мал сойылып, құран оқылды. Оған Мәмбет Қойгелдиев, Нәбижан Мұхамедханов, Бейбіт Қойшыбай, Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов, Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Есмағамбет қатысты. Астың өтуіне қолдау білдірген Қастер Әсембай, Думан Жақсыбек, Айбын Оразғали, Біржан Дәулетқазы бастаған азаматтарда киіз үй тігіп, мал сойып, астың қызу дайындығына кірісті.
Естеріңізге сала кетейік, 5 наурызда яғни осы жексенбіде Әлихан Бөкейханның туған күніне орай Алаш арыстарының рухына арналған ас Алматыдағы А.Байтұрсынов Мұражай үйінде өтеді. Оған билік өкілдері мен қоғам қайраткерлері бастаған 300-ге жуық адам қатысады деп жоспарланып отыр. Асқа жүрегі Алаш деп соққан әрбір қазақ қатыса алады.
Оставить комментарий