Киевте жезөкшелер митингісі өтті. Наразы әйелдер қауымы жезөкшелікпен айналысуды заңдастыруды талап еткен деп хабарлайды «Қамшы порталы» today.kz-ке сілтеме жасап.
Үкімет үйі мен президент әкімшілігі ғимараттарының алдында жиналған топтар көбі маска киіп беттерін жасырған. Оларға құқық қорғау ұйымдарының кейбірі қосылып, қолдау көрсеткен. Оның ішінде Amnesty International ұйымы да бар. Митингке шығушылар «Саяси жезөкшелік қана жауапқа тартылсын!» «Айыппұл төлетуді доғырыңдар, заңдастырыңдар!» деген лозунгтар көтерді.
Белсенділердің бірі Павел Скала әкімшілік кодекстегі жезөкшелік үшін айыппұлды алу туралы заң жобасын ұсынды.
Жоғарғы Кеңес призидиумының 1987 жылғы бұйрығы бойынша елдегі жезөкшелікке айыппұл салынған. 2001 жылдан 2006 жыл аралығында елде жезөкшілік қылмыстық іс ретінде қарастырылған.
Оставить комментарий