Тағы да қылмыс: шымкенттік таксист өлімі

/uploads/thumbnail/20170709221825217_small.jpg

Шымкентте адам ұрлау мен өлтіру факті бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды «Қамшы порталы» caravan.kz-ке сілтеме жасай отыра. 30 жасар таксишіні өлтірген қылмыскерлер  ішімдікке қатты мас болғандықтарын жеткізген.      

Былтырғы жылдың қыркүйек айында  30 жасар шымкент тұрғыны Юнус Б. із-түссіз жоғалып кеткен.

Daewoo Gentra маркалы автокөлігімен таксиші болып қызмет атқарған ол жұмыс барысында бірнеше рет міндетті түрде өзінің жұбайымен хабарласып отыратын болған.  Үш баланың әкесі ол жол-жөнекей тапқан ақшасы жайлы жұбайына айтып отырған.

Оқиға орын алған күні Юнус Б. әдеттегідей жұмысқа шыққан. Сағат түнгі 10-нан бастап әйеліне хабарласпай, түнде үйіне де қайтып оралмаған. Таңертең күйеуінің жоқтығына шошынған әйелі полицей қызметкерлеріне күйеуінің жоғалғаны туралы хабар берген.  

Арада үш күн өткен соң қаладан бірнеше шақырым жерде кездейсоқ жүргіншілер  зақымдары көп ер адамның денесін көріп қалған. Қолдары, аяғы мен мойнына арқан байланған қатты зақымданған адам денесі оның кісі қолынан қасақана өлтірілгендігін байқатқан. Сырт киімі шешіліп аузына тығылған ер адамның денесі ұрып-соғылған және  ешбір құжаты жоқ болған.

Полиция қызметкерлері табылған адамның жоғалған Юнус Б. болуы мүмкін екенін аңғарған. Қатты алаңдап, күтіп отырған әйелі өз күйеуін мұндай күйде көремін деп тіпті ойламаса керек. Қатты азаптанған, қалжыраған денені тануға келген кезде өз күйеуін танымай қалған. Тек қана киімдерін көрген кезде ғана олардың күйеуіне тиесілі екенін айтқан.

Ұрланғандардың ішінде  Daewoo Gentra автокөлігімен қоса ұялы телефон да болған. Телефон арқылы  Сарыағаш ауданы мекен жайы  анықталған. Марқұмның әйелінің айтуынша Nokia моделінің телефоны  әркез күйеуінің қолында болған.

Нәтижесінде ұрланған телефонды сатып алған азамат табылды. Ол өз кезегінде ол телефонды сол ауданның тұрғындарынан сатып алғандығын жеткізген. Ауданда барлығы бір-бірін танитын болғандықтан сатып алушы өзіне телефонды кім сатқанын, аты-жөнін мүдірмей айтқан.

 Осының нәтижесінде ұрлық үшін соттығы бар 32 жасар Қанат Камалов пен тура сондай ұрлық үшін бұрындары сотталған 42 жасар Расул Шайзаков ұсталған.

Қылмыскерлер  Daewoo Gentra автокөлігін сатпақшы болып жатқан жерден табылған. Екеуін де, бұл автокөлік ұрланған екендігі және иесін өздері өлтіріп кеткендігі, мазаламаған да.

Ұсталғандар бірден өздерінің кінәларын мойындаған. Қылмыс орын алған күні екеуі: Камалов пен Шайзаков Шымкентке біраз тұрақтауға келген. Ішімдікке сылқия тойып алған олар такси ұстап,екеуін қала сыртына апарып тастауын сұраған. Қала сыртына шыққанда екеуі таксистке тап берген, оны ұрып-соққан. Юнус Б. өз кезегінде қорғануға тырысып, оларға қарсы жұдырықтасқан. Юнустың бұл әрекеті шымбайларына батқан екі қылмыскер оны байлап, ары қарай адам жоқ жерге апарып сол жерде өлтірген.

 О.Қ облысының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Камалов пен Шайзаков   көптеген ауыр қылмыстар бойынша жазаға тартылды: адам ұрлау, бұзақылық, қасақана өлтіру фактлері бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушы екеуі де облыстық сотқа апелляциялық шағым қалдырды. Айтуларынша, қасақана өлтіруге ешқандай қаскөйлік ниеттері болмаған. Осы негізде жазаны жеңілдетуді сұраған.

–Қала ішінде болғанда біз бірнеше жерге бардық. Ақшамыз аз болғандықтан, таксистпен келіспекші болғанбыз. Алайда ол біз қалаған соммаға бізді жеткізбейтінін айтқанда, оның көлігін ұрламақшы болдық. Ол болса бізге қасарысып, қарсы әрекет жасап, төбелеске түскенде қанымыз басымызға шауып не істерімзіді белмедік- деп ақталды айыпталушылар.

Алайда апелляциялық сот олардың шағымдарын қабылдауды негізсіз деп есептеді, үкім заңды негізде жүзеге асты.

 

 

Аударған: Назерке Мұса

Оставить комментарий

Связанные Статьи