Айдос Сарым: Түркия елшісі лицейлеріміздің тағдырына алаңдамасын

/uploads/thumbnail/20170709222239407_small.jpg

Саясаткер Айдос Сарым өзінің Facebook әлеуметтік парақшасында Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уяныктың отандық лицейлер турасында айтқандарына қатысты пікір білдірді.

«Сыртқы істер министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің назарына! Түркияның Қазақстандағы елшісінен сыпайы түрде лицейлеріміздің тағдыры жөнінде алаңдамауын сұраңыздаршы. Бұл екі жақтың қарым-қатынасын гүлдендірмейді әрі бара-бара шектен шыққан, маза бермейтін манияға айналып барады. Лицей атауы өзгеріп те үлгерген!» деп жазды Айдос Сарым.  

Айта кетейік, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык бұған дейін бірнеше мәрте қазақ-түрік лицейі жөнінде өз пікірін білдірген. 

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи