«Ең сезімтал» депутат Хаменова: «Мен Елбасын сүйемін»

/uploads/thumbnail/20170709222248359_small.jpg

Мәжіліс  депутаты Бақытгүл Хаменова Парламент палаталарының біріккен отырысындағы сөзінен кейін желі қолданушыларының пікірін көңіліне алмайтынын жеткізді, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Осыдан бұрын Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова Астанаға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру жайында ұсыныс жасаған еді, бұл ұсынысынан кейін желі қолданушыларының мазағына айналды.

Алайда, Хаменова ханым райынан қайтар емес. Бұл жолы депутат халықаралық әуежайға Назарбаевтың есімін беру мәселесін көтерді. Кейіннен желіде оның сөйлеген сөзін Солтүстік Кореяның жүргізуші-дикторларымен салыстырған видеолар тарады.

«Мен екі мәрте маслихат депутаты болып сайландым, бүгін Мәжілістемін. Бәріміз ет пен сүйектен жаралғанбыз. Әрине, бұл қылықтары көңіліме тигенін мойындаймын. Халық мені дұрыс түсінбеген секілді. Мен жастыққа көз жасымды малып жыладым деп айта алмаймын. Тек арадағы түсініспеушілік көңіліме тиді. Бірақ, уақыт – емші», - деді Хаменова тілішілерге берген сұхбатында.

 «Мен Елбасын сүйемін. Президентпен «көзімді аштым». Тәуелсіз Қазақстанның ұрпағымын. Неге мен президентімізге жүрекжарды сөзімді айта алмаймын? Әркімнің өз пікірі болуы керек және сен бұлай ойлай алмайсың деп ешкімге тыйым сала алмайсың. Сіз тілші ретінде «біздің тәуелсіз мемлекетте өмір сүруіміз біріншіден, Алланың арқасы болса, екіншіден, біздің дана Елбасымыздың арқасы» деп айта аласыз ба?», - деп пікірін білдірді депутат.

Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров айтқандай, астананың атын ауыстыру мәселесі жазбаша түрде ұсынылмағандықтан Конституцияға енгізілмек өзгерістерді талқылау барысында қаралмаған болатын.

Бұдан бұрын Астананы «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» деп депутаттар тарапынан өзгерту мәселесі талқыланған. Алайда, президент халық пен депутаттарға шексіз алғысын білдіріп, бұл ойдан бас тартуларын ескерткен.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи