«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің кітапхана бөлмесінде кітап көрмесі ашылды деп хабарлайды "Қамшы" порталы.
Қорық-музей ұжымы шараны 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен орайластырып «Әйел күннің шуағынан жаралған» деп атаған.
М. Көпеева, музей кітапханашысы:
– Бұл кітап көрмесінің мақсаты – қоғамдағы әйел затының рөлін көрсету, қадірін түсіндіру. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі әйел-ана деген сөзбен астасып жатады. Көрме тақырыбын да әйелдерге, аналарға арнағанымыз сондықтан.
Атаулы көрмені тамашалауға музей қызметкерлері қатысты.