Қытай жанкүйерлері сырқаттанған Димашқа «даусыңды сақта» деп уайымдауда (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709224903573_small.jpg

Димаштың «I am singer» ән байқауының сегізінші турында өнер көрсеткен видеосы ғаламторда пайда болды. Ана жайлы, баланың анаға деген сағынышы жайлы танымал қытай әнін орындаған Димаш Қытай көрерменінің ыстық ықыласына ие болғаны сөзсіз. Өкінішке қарай, тамағына суық тигізіп алған бауырымыз бабында болмай қалды. Соған қарамастан жай өнер көрсетіп қана қоймай, көпшіліктің сүйіспеншілігіне тағы да ие болды. Димаштың денсаулығына алаңдаған жанкүйерлері «Димаш, өз-өзіңе қара, емдел!» деп жанашылырлық танытуда.

Ана туралы ән айтқан Димаш сегізінші кезеңде 5 орын алды. «Қамшы» порталы Димаштың жазылып кетуіне тілектес.

Оставить комментарий

Связанные Статьи