Автобуста көрген қызға ғашық болып қалған жігіт қызға іздеу салды

/uploads/thumbnail/20170709224914136_small.jpg

«Нашар ярмарка» газетінің «Мені күткейсің» айдарына бір жас жігіт қоңырау шалып, ұнатып қалған қызға іздеу салғысы келгенін айтты деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Ең қызығы, жігіт пен қыз таныс емес. Екеуі ұдайы бір қоғамдық көлікте кездесе берген. Автобусқа мінген сайын көзіне ерекше түскен жігіт сол қызды ұнатып қалған. Алайда танысуға батылы бармаған. Тіпті қыз түсетін аялдамадан түсіп, оның оқу орнын біліп алған. Деканатқа да барған. Дегенмен қыздың аты-жөнін білмегендіктен оны ол жерден қуып шыққан. Бірнеше күн бойы қоғамдық көлікке отырмаған қызды жігіт уайымдап отыр. Өзі былай дейді:

— Маған сол қызды табуға көмектесіңіздерші. Көп түкірсе көл дейді ғой. Ол үнемі терезенің алдында түік тұратын, отырмайтын. КЭУК-те оқиды. Автобуста көріспегеннен кейін ауырып қалды ма әлде басқа да мәселелері бар ма сары уайымға салынып отырмын. Сүйкімді қыз, егер сен осы хатты оқып отырсаң, шошыма, мен маньяк емеспін, түрлі-түсті мойынорағыш орап алатын жігітпін! Сені сағындым, көргім келеді. Дос болайықшы! Менің байланыс деректерім редакцияда бар.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи