Рамзан Қадыровтың қызы Айшат ресейлік жұлдыздарға орамал таққызды

/uploads/thumbnail/20170709224948449_small.jpg

Рамзан Қадыровтың қызы Айшат Грозныйда сәнгер ретінде алғаш рет кешкі көйлектердің коллекциясын қалың көпшілікке көрсетті деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

18 жасар қыздың ұлттық нақыштағы жібек, шифон матадан тігілген, асыл тастармен көмкерілген 30 көйлегін ресейлік жұлдыздар киіп шықты. Ар-ұяттан безген «Дом – 2» тележобасының жұлдыздары қалтасын қалыңдату үшін басқа орамал тағудан бас тартпаған.  

Айшат өзінің шабыт берушісі ретінде анасын яғни Медни Қадырованы атады.

2016 жылдан бастап Айшат 2009 жылы Шешенстан басшысының жұбайы негізін қалаған Firdaws сән үйінің директоры болып табылады.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи