Испания мейрамханасында бұрын-соңды болмаған жағдай тіркелді

/uploads/thumbnail/20170709224955387_small.jpg

Испанияның Леон провинциясы Бембибре қалашығында Carmen қонақ үйінің мейрамханасында балаларының шоқынуын салтанатты түрде атап өтпек болған жүзден аса адам жиналыпты. Алдын ала 900 еуро төлеген қонақтар жалпы дастарқанға қойылатын ішімдік пен тағамдарды бұл сомадан асыра сілтеп, тапсырыс берген екен. Олардың арасында ет тағамдары мен шарапта есеп болмаған. Бірақ, шараның соңына таяу тоқбасар алып жеткен даяшылар қонақтардың орнын сипап қалды. Билеп жүріп, көліктеріне қарай сытылып, ақыры құтылып кеткен меймандар шамамен 2 мың еуроның шотын төлемей кеткен, деп хабарлайды "Қамшы" 24.kz сілтеме жасап.  

Сыртта қашып бара жатқан қонақтарды қуып жетпек болған мейрамхана қызметкерлері бос тер төкті. Олар бар болғаны алаяқтар мінген көліктердің нөмірлерін жазып алған.



 

Оставить комментарий

Связанные Статьи