Кенияның астанасы Найроби қаласында көше кезіп, қайыр тілейтін балалар көп жүреді. Соның бірі Джон Туо есімді қайыршы бала. Балалар бағдаршамның қызыл түсін күтіп, көліктер тоқтаған сәтте бір-бірімен жарыса көлік ішіндегілерден ақша сұрауға кіріседі. Джон да аш қалмас үшін солай істейтін. Бір күні Джон қайыр тілеп жүріп өте ерекше жолаушыны кездестіреді, бұл кездесу баланың өмірін түбегейлі өзгертті.
Көлік ішіндегі жолаушы әйелдің есімі Глэдис Каманде. Джон көліктің терезіне жақындай бергенде, абдырап қалды. Себеьі, Глэдистің денесіне орнатылған бірнеше аппаратты көзі шалды.
Бұл не аппарат деп сұрағанда, әйел өзінің ауыр науқасқа тап болғанын, сол себептен оттегі баллоны мен генераторды үзбей тағып жүру керек екендігін түсіндірді. Ес жиғалы далада күн кешкен Джон бұндай жағдайға өмірінде жолықпаған еді.
Джонның қызығушылығы артып, сұрақтарды жаудыра түсті.
32 жастағы Глэдис көру жүйкесіне зақым келгендіктен 12 мәрте ота жасатқан, ақыры соқыр болып қалған. Джонға бұл оқиға қатты әсер етіп, көз жасын тоқтата алмады.
Оның да тағдыры қиын болды. Аштықтан құтылу үшін күннің аязына да қарамай көше кезіп жүрді. Алайда, бұдан да ауыр тағдырлар кездеседі екен-ау. Бала Глэдиске қандай жағдай болмасын көмектесуге дайын тұрды. Әйел Джонды қолынан ұстап, жай ғана бірге құдайға сыйынайық деді.
Джон әлі де есін жия қоймады. Не істесем екен деген оймен көңілі жай таппады. Сөйтіп, қалтасынан бар жиған ақшасын шығарып, әйелге ұсынды. Өзінен гөрі ақша әйелге көбірек керек екенін түсінді.
Әрі қарай Джон мен Глэдистің өмірінде күтпеген жағдай орын алды. Екеуінің әңгімесін құлағы шалған жас жігіт сол сәтте суретке түсіріп, әңгімелерін жазып алып, ғаламторға жариялайды. Бұл жағдайды оқыған адамдар екеуінің өміріне бейжай қарай алмады. халық тарапынан әйелдің еміне деп 80 000 доллар қаражат жиналды.
Өмірін өзгерткен балақайға Глэдис алғысын қалай жеткізерін білмей, Джонға өзім қамқор боламын деп шешеді. Енді бала көшеде күнелтудің орнына, мектепке барып білім алып жүр. Себебі, Глэдис Джонды асырап алды.
Дереккөз: tutkryto.su
Оставить комментарий