Қырыққа келіп отбасылы болмай жүргендер көп

/uploads/thumbnail/20170709225053153_small.jpg

Бұрын біздің ауылда бір кісі тұрған. Көрші тұрған жоқпыз. Біздің үйге жақындау жерде тұратын. Үй-ішімізбен жақын араласып тұрдық. 4 қыз, бір ұлы бар еді. Ұлы биыл 43-ке келді. 40-қа келгенше үйленбеді. Ауыратын. Әскерден басынан соққы алған дейтін. Үйінен шықпайтын еді. Тойларға барғанын көрмедім. Жақындауға қорқатынмын ауырады дегесін. Бірақ қатты ауырғанын көрмедім, шаруасын істеп жан баласымен сөйлесе қоймайтын. 15 жылдай бұрын Арқалыққа көшіп кетті.
Қыздары тұрмысқа шығып, ұлы үйленбей қалды. Жалғыз ұлының үйленбеуі кімге оңай дейсің, бірақ сабырлы кісілер еді.
Кеше сол ұлын аялдамадан көріп қалдым, қасында келіншегі бар екен.
З автобусы өтіп кетсе де мені көріп қап біраз әңгіме айтып тұрды. Телебізірден көрдім өткенде дейді.
4-5 жыл бұрын үйленіпті, 2 балам бар дейді. Үйлендім дегеніне қатты қуандым. Келіншегі керемет жақсы адам екен, ауылдың қарапайым қызы, ата-енесін, күйеуін алақанға салып отыр екен. Өзі еден жуып жұмыс істейді, ата-енесінің, күйеуінің пенсиясы бар, біреуден ілгері, біреуден кейін болып, әп-әдемі отбасы болып өмір сүріп жатыр екен.
Құдайдың сондай келін кездестіргенін айтсаңшы.
Түрі емес жаны сұлу әйел екені бірден көрінді.
Сабыр етсе, Құдай қиындықтың артынан бақ беретін сияқты.
Қазақтың бір азаматы бақытты болғанына шын қуандым. Үйленбей өтетін шығар деп ойлап едім.
Қазір қырыққа келіп өз теңін таба алмай жүргендер бар. Заман кінәлі ме, адам кінәлі ме білмедім.
Қыздар қарапайым болып, еркек есті болса екен дейсің.
Сол келіншек карьера қуған мыңдаған қыздан артық. Еркектің дүниесіне де, біліміне де, аздап ауыратындығына да қарамай етегінен ұстағанына басыңды иесің.
Сондай келіндер бәрімізге де бұйырсын.

Дәулет Серікбай

Оставить комментарий

Связанные Статьи