250 мың адам жиналған концертте екі адам тапталып мерт болды

/uploads/thumbnail/20170709225108544_small.jpg

Аргентинада концерт кезінде екі адам мерт болды, деп хабарлайды 24.kz жаңалықтары Clarin сайтына сілтеме жасап.

 Марқұмдар Олаваррия қаласында өтіп жатқан рок-концертке келіп, қалың жұрттың аяқ астында тапталып қалған. Дәл осылай тағы он шақты жанкүйер жарақат алды. Арасында ауыр халде жатқандар да бар. Мәліметтерге қарағанда, жергілікті топтың концертіне жиылғандар соңғы әнге кезек келгенде жаппай сахнаға ентелеп, бір-бірін итермелеген. Салдарынан сүрініп-қабынып, аяқ астында қалғандар аяққа тұрып үлгермеген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жалпы рок-орындаушыларын тыңдауға 250 мың адам жиналған.
 

Оставить комментарий

Связанные Статьи