«Бала қоқыс емес! Бақытжан Сағынтаев, әйел мен бала мәселесін шешетін уақыт жетті»

/uploads/thumbnail/20170709225127607_small.jpg

Мен әйелдер мен отбасы жөніндегі Министрлікті құруды ұсынамын

«Сәбидің өмірін сақтап қала алмадық. Қатты әлсіреген бала ауруханаға жеткізілген уақыттан бірнеше сағат өткеннен кейін көз жұмды...»

Осындай хабарды оқығанда жүрегім қанжылайды! Кезекті көкек ана өз баласын өлтірді! Енді қанша шыдамақпыз? Міне мен бір жыл бойы тастанды балалар, қоғамдағы моральдық және адамдық қасиеттердің төмендеуі, бала тәрбиесі секілді мәселелерге көңіл аудартуға тырысып келемін.

Ойлап қараңыздаршы, жаңа туылған сәбиді көбіне қайда тастайды? Қоқысқа! Бұл ақылға сыймайды! Балаға қоқыс секілді қарайды.

Аталмыш мәселені қозғағанда қоғам белсенділері тек наразылығын білдіріп қана қояды. Ал ұлт денсаулығына, жастар мен балалардың мәдени, рухани тәрбиесіне жауап беретін Мемлекеттік органдар қайда? Олар неліктен үнсіз отыр? Аталмыш мәселеге бей-жай қарағандық па, әлде ушыққан мәселенің тыныштануын күтіп жүр ме? Бірақ біздің шенеуніктер есеп бергенде жасаған жұмыстарын мақтана айтады.

Кейбір билік өкілдерінің барлығына әйел мен баланы кінәләйтын, мемлекет пен үкіметтің онда ешқандай қатысы жоқ деп есептейтіндер мені таң қалдырады.

Аталмыш мәселеге жауапты мемлекеттік органдардың үнсіздігінен шаршағандықтан, мен Садырбаев Әлия Болатбекқызы ҚР Премьер-министрі Б.А.Сағынтаевқа өтініш айтамын.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Мемлекет үшін Қазақстан азаматы өмірінің ешқандай мәні жоқ па? Сәби өлімі мен оның өміріне қауіп төндіру, әйел мен балаларға зорлық көрсету және педофилия кең етек жайып келе жатқан қоғам туралы не айтуға болады?

Өкінішке орай, күрделі мәселелер әдетте түсінуге оңай дұрыс емес шешімдер қабылдауға алып келеді. Ауру талшықтары ағзаға түскеннен кейін, оның шығу салдарымен емес, аурумен күресу керек. Жаңа туылған шарананың криминалды өлімі - қоғамның тереңнен ойлай алмауы, дүнитанымының қысқалығы мен ауыр дертін сипаттайды.

Бақытсыз әйелдер мен балалардың мәселесімен кім, қашан, қалай шешетінін білмейміз. Бала – елдің болашағы екенін айтпай-ақ қояйын. Оларға деген қандай қарым-қатынас болса, болашағымыз да сондай болмақ!

Бақытжан Әбдірұлы, қоғам қайраткері, Қазақстанның келешегі, ұлт болашағына алаңдайтын адам ретінде, әйелдер мен отбасы істері жөніндегі Министрлікті құруды ұсынамын. Дәл осы орган әйел мен баланы қорғау, бала мен жастардың рухани тәрбиесіне жауап беруі керек.

Сіздің осы іске араласуыңыз арқылы аталған мәселелер өз шешімін табады деп үміттенемін!

Әлия Садырбаеваның жеке блогынан алынды

Оставить комментарий

Связанные Статьи