Алматы қаласында жол полицейлері 10 жастағы баланы қағып кетті деп хабарлайды qamshy.kz. Оның видеосы инстаграм әлеуметтік желісінде жарияланды.
Оқиға Жангелдина көшесінде болды. Полицейлер жол ережесін бұзған көліктің артынан қуып келе жатып, баланы қағып кеткен. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жаяу жүргінші өтетін жерден өтіп бара жатқанда полиция қызметкерлері баланы қағып кеткен. Бала дереу жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер баланың аяғы сынғанын анықтаған.
Оставить комментарий