Қытайда бала ұрлау мәселесі өршіп тұр. Стастистикалық мәліметке сай, жыл сайын аспан асты елінде 200 000 бала жоғалып кетеді. Олардың тек 1% ғана табылады екен. Көшеде орнатылған камераларға баланы көшеден ешбір қиындықсыз ұрлап кетіп жатқаны түсіп қалған.
Ұрланған балалардың ішкі ағза мүшелерін пайдалану немесе құлдыққа сату үшін осындай қылмысқа барады. Шетелдіктерге бала сатумен айналысатын арнайы қылмыстық топтар да бар екен. Бала ұрлығы Қытайда ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Оставить комментарий