«Халық банк» оңалтуды қажет ететін «Қазкоммерцбанкті» капиталдандыруға дайын

/uploads/thumbnail/20170709225219514_small.JPG

«Халық банк» 2016 жылғы қаржы нәтижелері туралы есебін жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz тілшісі.

Банк басшылығы арнаулы баспасөз конференциясын өткізіп, өткен жылға жасаған есебінде жылдың қиын басталып, қиын аяқталғанын атап өтті.

«Халық банк» АҚ-ның 2016 жылғы таза табысы туралы есебінен кейін Банк басшыларына журналистер негізінен Халық банк пен Қазкоммерцбанк арасындағы «бірігу» туралы сауалдарын қойды.

Банктің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова Халық банктің Қазкоммерцбанкті капиталдандыруға дайын екенін жеткізді.

Үміт Болатханқызының сөзінше қазіргі уақытта Qazkom-ді инвестициялау бойынша Due Diligence  процесі жүріп жатыр. Бұған дейінгі екі банк арасындағы келісім туралы алғашқы меморандумдар келісім болатынын нақтыламайды.

«Банктер арасындағы келісімдер» туралы мен барлық ақпаратты бөлісе алмаймын, Қазкоммерцбанктің «емдеу» және оңалтуды қажет ететін тұстары бар. Біздің әрине банктер арасындағы мәмлеге қызығушылығымыз бар. Бірақ БТА заемдарды «Qazkom» балансынан шоғырландырылатын болса. Қазір салуға тиісті капитал көлемі есептеліп жатыр» деді Банк басшысы. Банк аталған процестің алдағы 2-3 айда аяқталады деп күтеді. Соған байланысты банктің сыртқы аудиты мен заңгерлері жұмылдырылған.

Халық банк басшылығының айтуынша екі банктің тұтастай бірлесуі мүмкін емес. Қазіргі уақыттағы Ұлттық банк және Үкіметпен жасалып жатқан Халық банк келісімдерінен кейін Қазкоммерцбанк туралы нақты шешім қабылданатын болады.  Бұл күрделі  әрі көп деңгейлі мәміле болмақ.

Үміт Шаяхметованың айтуынша Қазкоммерцбанк капиталына Үкімет ешқандай да ықпал жасамайтын болады.

Естеріңізге салатын болсақ, 20 қаңтарда банктердің екі жақты келісімдер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат таралған болатын. «Халық банк» әлеуетті мәміле жасау туралы айтудың ерте екенін бірден мәлімдеген еді. Банктер акционерлерінің алғашқы келіссөздері бірінші ақпанда өтті. Ал, 2 наурызда Үкімет пен Ұлттық банк және Халық банк пен Қазкоммерцбанк акционерлері, Самұрық Қазына ұлттық қоры, сондай-ақ Проблемалы кредиттер қорлары арасында түсіністік меморандумы жасалған болатын.

Шаяхметованың болжамынша, Халық банктің Қазкоммерцбанк акцияларын сатып алуының жүзеге асу мүмкіндігі 80 пайыз.

Айта кететін болсақ, ос уақытта Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков «Қазақстан Халық банкі» АҚ-тың «Қазкоммерцбанк» АҚ-тың акциялар пакетін сатып алуы бойынша әлеуетті мәмілесіне түсініктеме берді.

Бірінші кезекте  О. Смоляков «заңнаманың талаптарына сәйкес әлеуетті мәмілені іске асыру банктердің депозиторларының,  кредиторларының, өзге де клиенттерінің және қарсы агенттерінің  халықаралық міндеттемелерді қоса алғанда, шарттар бойынша құқықтар мен заңды мүдделерін сақтаған жағдайда ғана мүмкін болады» деп атап өтті. «Халық банкінің «Қазкоммерцбанк» АҚ-тың акцияларын сатып алу бойынша әлеуетті мәмілені іске асыру үшін Ұлттық Банктің және Халық банкінің тарапынан «Қазкоммерцбанк» АҚ активтерінің сапасына бірлескен тәуелсіз тексеру жүргізу қажет. Әлеуетті мәміленің сандық өлшемдері алынған ақпаратты жария ашу арқылы тәуелсіз тексеру нәтижелерін алғаннан кейін айқындалатын болады», - деді О. Смоляков.

Ол сондай-ақ «Қазкоммерцбанк» АҚ-тың үздіксіз қызметін қамтамасыз ету үшін жеткілікті деңгейге дейін «Қазкоммерцбанк» АҚ-ты қосымша капиталдандыру Халық банкінің «Қазкоммерцбанк» АҚ-тың капиталына ықтимал кіруіне базалық талап болып табылатынын», - атап өтті.

О. Смоляков «Қазкоммерцбанк» АҚ-тың кредиттік портфелінің айтарлықтай үлесі (50%-дан астам) «БТА Банк» АҚ-тың міндеттемелерін білдіретініне баса назар аударды. Бұл ретте «БТА Банктің» активтері құнды қалпына келтірудің ұзақ аралығына ие активтерге жатады. Соның салдарынан, оларды «Қазкоммерцбанк» АҚ-тың ұстап тұруы үшін қаржы ағындарының жеткілікті деңгейін қалыптастырмайды. Сондықтан «Қазкоммерцбанк» АҚ-тың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін, О. Смоляковтың айтуынша, бірінші кезеңде БТА банктің активтерін «Қазкоммерцбанк» АҚ-тан оқшаулау қажет. Бұл кезеңде «Проблемалық кредиттер қоры» оператор болып табылады. Одан әрі бұл активтерді мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларының, оның ішінде өңірлік даму бағдарламаларының шеңберінде экономикалық айналымға тартуды қамтамасыз ету қажет.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық банктің ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ (ККБ) және оның ірі акционерлері, «Қазақстан Халық банкі» АҚ (Халық банкі) және «БТА Банк» АҚ (БТА банк) арасындағы «Қазкоммерцбанк» АҚ акциялар пакетін сатып алу бойынша әлеуетті мәміле туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғандығы туралы хабарланған.

«Қазкоммерцбанк» АҚ ауқымды филиал желісі, заңды және жеке тұлғалардың үлкен клиенттік базасы, айтарлықтай депозиттік базасы және төлем және банкаралық нарықтарда едәуір үлесі бар Қазақстан Республикасының аса ірі жүйе құраушы банкі болып табылады. Айта кетерлігі, «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігіне берілген. Қор қызметінің негізгі мақсаты - уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға бағытталған шараларды іске асыру болып табылады. «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ қызметінің  негізгі түрлері екінші деңгейдегі банктердің проблемалық кредиттерін сатып алу; екінші деңгейдегі банктердің сатып алынған активтерін басқару; өз қызметін қаржыландыру үшін борыштық бағалы қағаздарды шығару болып табылады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи