«Қазақстан өзге елдерге гуманитарлы көмек көрсету үшін БҰҰ қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшесі ретінде стратегия жасауы қажет».
Мұндай пікірді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев білдірді деп хабарлайды "Қамшы" ratel.kz-ке сілтеме жасап.
«Әлі күнге дейін үкімет ресми түрде көмек көрсету бойынша арнайы агенттік құрмады. Соңғы жылдары Қазақстан көрші елдер мен Ауғанстанға азық-түлік, қажетті заттар мен мектептер, ауруханалар салып, жастарды Қазақстанда оқыту арқылы көмек көрсетуде. Соңғы жылдары Қазақстанның аталмыш көмек көрсетуге 350 миллион АҚШ доллар бөлді. Бұл өте үлкен сомма» деді Әшімбаев.
Орталық Азия елдерімен мұндай қарым-қатынас сыртқы саясатқа оң әсерін беруі мүмкін екенін де атап өтті.
«Қазақстандықтарда, оның ішінде әріптестерім депутаттардың да арасында өзге елдерге көмек көрсетудің қажеті жоқ деген пікірдегі адамдар бар екенін білемін. Алайда бұл қайырымдылық емес. Бұл сыртқы саясатқа оң әсерін беретін, болашақта қайтарымы болатын көмек. Ешқандай мемлекет көрші елдерде мәселе шаш етектен болған жағдайда, гүлдене алмайды. Айналада қордаланаған мәселе айналасына оның ішінде Қазақстанға кері әсерін береді» деді Әшімбаев.
Қазір Қазақстан Ауғанстанмен әріпстестік қарым-қатынас орнату жобасымен айналысп жатқанын да атап өтті.
Оставить комментарий