Қазақ тілінің қол - аяғындағы «қақпанды» жою керек

/uploads/thumbnail/20170709230050412_small.jpg

"Қазақстанның болашағы - Қазақ тілінде" - Н.Ә.Назарбев


ҚР - ның Конституциясының 7 - бабындағы 1 - тармағында: Қазақстан Республикасының мемлекттік тілі қазақ тілі - деп жазылғанымен, ширек ғасыр бойы Қазақ тілі мемлекттік тіл дәрежесіне іс жүзінде көтерілген жоқ.

Қазақстанда барлық деңгейдегі іс және қатынас құжаттары, есеп берулер мемлекеттік тілдің орыс тіліндегі аудармасынсыз көбінесе қабылданбайды және бекітілмейді.

Барлық деңгейдегі жиындар, жиналыстар мемлекттік тілде 1 - 2 минут кіріспе сөзбен басталып, күн тәртібіндегі мәселе толықтай орыс тілінде өтеді.

Қабылданатын заңдар мен қаулылар, баяндамалар орысша жазылып, содан кейін мемлекттік тілге аударылады.

Тіпті Атазаңның өзі орыс тілінен мемлекеттік тілге аударылғанын көзі ашық адам тез аңғарады.

Міне осы Мемлекттік тілдің мүшкіл халын қазақ халқы, ұлт жанды азаматтар, қоғам белсенділері т.б. Үкіметтен, Парламенттен, билік басындағы орыс тілді мемлекеттік қызметкерлерден көреді.

Солардың бірі, белгілі қоғам қайраткері Дос Көшім:

"Қазақ тілінің жолын байлап отырған өзіміздің орыстанып кеткен қазақтар" - деп жазады.

Менің ойымша, Қазақ тілінің "жолын байлап" тұрған Билікте емес, Үкіметте емес, Парламентте емес, "орыстанып кеткен қазақтар да" емес, қазақ тілінің бағын байлап тұрған, ҚР - нің Кониституциясының 7 - бабындағы 2 - тармағындағы:

Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін - өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданады - деген заң!

2 - тармақ орыс тіліне заң жүзінде екінші мемлекттік тіл мәртебесін берген!

Содықтан Қазақстанның әрбір азаматы, ұйымдары, органдары екі тілдің бірін еш шектеусіз қолдануға құқылы! Мемлекеттік тіл қазақ тілінсіз -ақ барлық деңгейдегі мәселелерді ресми тіл орыс тілімен шеше береді.Соның нәтижесінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қажеттілігі шамалы болды.

Кеңес одағындағы қолданыстағы орыс тілі Қазақстанда сол үстемдік дәрежесін әлі сақтап келеді. Тіпті беделі ол кездегіден де артып, орыс тіліндегі сұраққа мемлекеттік тіл қазақ тілінде жауап берген Азамат жұмыстан қуылып жаза тартады.

Қазақстан алдыңғы қатарлы зайырлы, тұрғылықты ұлттың аты берілген Англия, Франция, Қытай, Түркия, Германия, Испания, Италия, Португалия, Болгария, Полша, Ресей, Өзбекстан, Эстония, Латвия, т.б. елдеріндей Қазақ халқының атындағы Қазақстанда Қазақ тілін дербес мемлекетік тіл деңгейіне көтеру үшін Атазаңдағы 7 - баптың 2 - тармағын алып тастау тарихи қажеттілік!

Сонда ғана Қазақ тілінің бағы ашылып, беделі көтерілідеді. Қазақстанда барлық деңгейде мемлекеттік тілге деген қажеттілік туады. Қазіргі үш тілділіктің де қазқ тілі мен қазақ халқына залалы азаятыны сөзсіз. Тілінің беделі жоқ ұлттың болашағы да жоқ!

Бұл туралы Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдері де жиі пікір айтуда. Содықтан да Қазақ тілінің қол - аяғындағы "қақпаны" - 7 - баптың 2 - тармағын жою керек!

БАСҚА ЖОЛЫ ЖОҚ!


 

Аймұханбет Бейсембеков

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи