Бүгін, Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы: зерттеу, жүйелеу, насихаттау» атты ғылыми конференция өтіп жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz тілшісі.
Ұлт ұстазы Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы турасындағы ғылыми конференцияны Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен ҚР Ұлттық кітапханасы ұйымдастырған.
Ғылыми конференция аясында Кітапхананың сирек қорынан Байтұрсынұлы еңбектері турасындағы көрме ұйымдастырылған. Ұлттық кітапхана директоры Жанат Сейдумановтың айтуынша кітапханада Байтұрсынұлы мұралары турасында 2502 еңбек бар. Олардың көбі сирек қорларға жатады.
Ғылыми конференцияға қазақтың зиялы қауым өкілдерінен үлкен шоғыр жиналған. Қатысып жатқандар арасында ғұмырын қазақ тілі тарихы мен грамматикасы, тіл мәдениеті мәселелеріне арнаған академик Рәбиға Сыздық пен Шора Сарыбаев, академик Өмірұзақ Айтбаев, профессор Тұрсын Жұртбай, профессор Айгүл Ісмақова сияқты ғалымдар, Байтұрсынұлының жиені Айман Байсалова, сонымен қоса бір топ жас ғалымдар мен студенттер бар.
Конференция туралы толықтай материал алдағы сағаттарда жарияланады.
Оставить комментарий