Тәуекел Мүслім мен Шарух Хан немесе экранда сүйісу «өнер» ме?

/uploads/thumbnail/20170709230103740_small.jpg

1950-шы жылдары бір топ үнді әйелдерінің сол кездегі премьер-министр Жауахарлал Неруге хат жазғаны бар еді. Жастардың жыныстық өмірі ерте басталмауы үшін кинодағы сүйісті көрсетпесе екен деген... Бұл себептен де емес шығар, бірақ 30-40 жылдай Болливуд өнімінен сүйісті көре алмағанымыз рас. Қазір сүйістен сүйіс ол жақта да. Әрине, бұл себептен де емес шығар, бірақ ұлтшыл партиялары осы елдегі әйел зорлау фактілерінің тым көбейіп кеткенін экрандағы актрисалардың тым көп шешінуімен байланыстырып, біраз мәлімдеме жасаған. Байланыс жоқ та шығар, бар да шығар, кім білсін.

Содан үнді актерлары арасынан ерекше ұнататыным Шарух Хан еді, білесіздер. Экрандағы образдары ғана емес, өмірдегі принциптері ұнайтын. Мысалы, ол карьерасы басталғаннан-ақ ешқашан экранда сүйіспеймін деп уәде берген-ді. Оған 20 жылдай берік болды да, Яш Чопраның соңғы фильмінде бұзды-ай келіп. Катрина Каифпен сүйісті. Ал биыл шыққан Raees фильмінде 54 порнофильмге түскен шетелдік экс-порноактрисамен бірге ән айтып, пыртылдатып жүр. Соншама атақ-даңқымен кеше ғана әркімнің астында жатып-үстінде отырған жезөкшемен ойнағаны жүрек айнытады. Принципінен тайды - құрметіңнен де кетеді екен.

Бұның бәрі "Баян Есентаева он алты жастағы қызды белгілі актермен сүйістіріп қойды" деген жаңалықты көзім шалған соң, ойыма келді. Сол көзі жәудіреген Тәуекел Мүсілім, кәмелетке толмаған қыз, Баян баяғы. Иә, әркімнің "бұл өнер", "бұл жұмыс" деген сылтауы дайын тұр, бірақ салдарын білмеген соң, түбі сегізаяқтың сілекей-шырышты асқазанына қол салғандай неприятный дүние ғой... Саясат Нұрбек ағамның Италияның бұрынғы үкіметбасысы Сильвио Берлускониды ұнатпайтыны бар еді осы. Неге деп сұрағанымда, ол 20-30 жыл бойы қолындағы коммерциялық телевидение арқылы отбасыға берік, Құдайына жақын деген италиялықтарды варьете-шоу мен ырбақай комедиялар арқылы мал қылды деп еді. Мал дегенде былай, менің сөзім ғой, азғырды деп түсініңіз. Құдай ақырын берсін..

Бұрын «Ер адам бір әйел адамға барып, көшеде зина жасауды ұсынатын күн тумайынша, бұл үммет құрыдымға кетпейді. Сол кезде олардың ішіндегі ең жақсылары: «Тым болмаса, керегенің артына жасырынбайсыңдар ма?»,- деп айтатындары болады» деген хадисті білгенде, бұл мүмкін еместей көрінетін. Бұрын дегенім, сегізінші сыныпта қатар оқыған ауыл медресесін айтамын. Қазір осы хадис қайта барынша жұмсақ айтылғандай көрінеді...

Өркен Кенжебек

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи