Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам кәрімовтің кенже қызы Лола Кәрімова-Тилляева Орталық Азия билеушісі, қолбасшы Әмір Темірдің немересі Ұлықбек жайында деректі фильм түсірді, деп хабарлайды qamshy.kz. Фильмнің атауы – «Ұлықбек. Қиын жолдардан жұлдыздрға». Ұлықбек жайындағы фильм Лола мен оның жары Тимурдың кино әлеміндегі алғашқы туындысы екен. Бұл жайында Лола Кәрімова өзінің Фейсбук парақшасында бөлісті.
«Деректі фильм орта ғасырда өмір сүрген ойшыл, ғалым Ұлықбектің өміріне арналады. Ұлықбек жайында фильм түсіруді бұрыннан жоспарлап жүргенмін. Аталмыш тарихи тұлға мені бала кезімнен қызықтырды. Ол білімді ғана болып қоймай, адамгершілік қасиеттері жоғары әрі елін сүйгіш басшы да бола білді. Ұлықбектің есімін аты әлемге әйгілі ғалымдар Галилео Галилей, Коперник, Джоанс Кеплерлермен қатар атауға лайық тұлға. Ұлықбектің билігі кезінде Самарқанд астрономия ғылымдарының орталығы болып есептелді».
Фильм сценариін жазып шығу оңай болмағаны анық. Ұлы тұлғаның өмірін түбегейлі халыққа таныстыру үшін Лола Кәрімова-Тилляева көп ізденген.
Сондай-ақ, оның айтуынша фильмді түсіру барысында Өзбекстанда тұратын, тарихты сезіне алатын адамдармен ғана жұмыс істеген. Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Өзбекстан, Дания, Ресей, Нидерланд елдерінен атақты ғалымдар шақырылған.
Өзбекстандық және қазақстандық каскадерлердің қатысуымен түсірілген фильм көрерменге алдағы уақытта жол тартады.
Оставить комментарий