Ақтауда той көлігінде отырып оқ атқандар ұсталды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709230350144_small.jpeg

Жаңаөзен-Ақтау тас жолында Lexus LX маркалы көлікте отырған 1997 жылғы Жаңаөзен тұрғыны ауаға оқ атқан деп хабарлайды «Қамшы» lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 11 наурызда 2017 жылы болған. Оқ атқан жігітке полиция бөлімшесінде хаттама толтырылды. Ол 45 380 теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.  Stalker M906 маркалы тапаншасы тәркіленді. Сонымен қатар, автокөлік жалған номермен жүрген екен. Осыған қатысты төрт бап бойынша хаттама толтырылды. Олар – жол ережесін сақтамау, қауіпсіздік белдіктерін тақпау, жалған номермен жүру, жүргізуші куәлігінсіз жүру.

Іс материалдары әкімшілік сотқа жолданды. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи