Тараз қаласындағы перинаталдық орталығында үш бірдей ұл бала дүниеге келді деп хабарлайды Qamshy.kz ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұндай үлкен қуаныш Тараз қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Мақсат Иманбетовтың отбасында болған. Мақсаттың жұбайы Аида Жебегенқызы үшемді аман-есен босанып отбасына зор бақыт сыйлады. Қазіргі уақытта үшемнің жағдайы жақсы, әке-шешесі оларға Дархан, Шерхан, Ерхан деп есімдерін де беріп үлгеріпті.
Үшемді перзентханадан шығарарда Иманбетовтер отбасын құттықтауға қалалық Нұр Отан партиясы мен әкімдік өкілдері және 5513 әскери бөлімінің қолбасшылық құрамы келді.
Оставить комментарий