Бағыттағы күштер мен сол бағыттың қолдаушылары: Ресей, Иран және Түркия. Алғашқы екі мемлекет шииттерді қолдайды, Асадтың тегі - алавиттер өкілі, шиит бағыттағылар, «қызылбастар», «Али-Алла» қолдаушылары. Мен діндар адам емеспін, бірақ бұл жағдай өте маңызды. Сонымен Иран, Ресей және Сирия басшысы Асад сунниттерге қарсы соғысып жатыр. Егерде ДАИШ-қа қарсы екі коалицияның соғысы дұрыс бағыт десек, бұл мемлекеттер коалициясының басқа әскери әрекеттері деструктивті. ДАИШ-қа ( الإسلاميّ الدّولة )тоқталайын – бұл экстремистік, террористік мемлекет сымақ. Олар әсіре исламдық мемлекет құрып Ирак пен Левантты және жапсарлас жатқан араб мемлекеттерін ДАИШ-қа біріктірмек. Ағылшынша оларды the Islamic State of Iraq and the Levant (ISIL), also known as the Islamic State of Iraq and Syria (ISIS ) деп атап жүр. Cириядағы дағдарысқа әкесі мен баласы Асадтар отбасы және солардың диктаторлық режимі кінәлі. Бұл тұжырымды мен араб әлеміндегі дағдарысты зерттеген басыммен айтып отырмын. Сирияда бүгінгі күнде Ресей базасында және басқа шайқас алаңында Ресейдің әскери күштері қақтығыстарға қатысуда. Шешен батальонына қоса ингуш батальоны, жеке қалмақтар және орыс еріктілері Сирияда соғысып жүр.
Кім, кімге қарсы. Қарсы тараптар: Сонымен ымырашылдық миссияны және демеушілікті, соғысты ынталандырып, қоздырып отырған күштің бір жағы - ол Ресей мен Иран , ал Түркия өз шекараларының маңындағы қауіпсіздікті ойлап күрдтерге қарсы әрекеттер жасап жүр. Араб елдерінің көбісі және мұсылман сунниттер шииттерге қарсы соғысады. Мәселен, Сауд Арабиясы Астана саммитіне қатыспайды, АҚШ та қатыспайды. Айтпақшы, сунниттер жағында жеке шешендер, Солтүстік Кавказ мұсылмандары және аз топ қазақтар да бар арасында.
Қазақстан үшін қауіптер. Зауалдар: Қазіргі әлемде ең ықпалды бір ақ мемлекет бар – ол АҚШ, оның есерлеу, бірақ тікшіл және әділ Президенті тағы бар, ол Дональд Трамп. Украинаға Ресей шабуыл жасады, Қырымды тартып алды деп Трамп Ресейге қатты ашулы. Сол сияқты АҚШ-тың Ресейдің Сириядағы әрекеттеріне де көңілі толмайды, тіпті сол әрекеттеріне қарсы. Себебі АҚШ Асад режимінің өзіне қарсы. АҚШ Сириядағы демократиялық оппозициялық күштерді қолдайды. Кейін, Асад кеткен соң соларға Сириядағы билікті тапсырмақ. Ал Ресей Сирияның демократиялық оппозициялық әскери күштерінің мүдделерімен санаспайды. Иран ядролық қару жасауда және сол қаруды Израильге қарсы пайдаланады деген АҚШ-та қауып пен күдік бар. Иран әскерлері ашық түрде Асадтың әскерін қолдап соғысып жүр және Сирияның демократиялық оппозициялық әскери күштерімен соғысуда. Ресей мен Иран бүгінгі таңда изгой – шапқыншы мемлекет. АҚШ Сенаты да Ресей мен Иранға қосымша санкцияларды күшейтіп салмақшы, солай қысым жасамақшы.Ертең Трамп әскери саяси аналитиктері Сирия дүрдараздығында Ресей мен Иранның әрекеттерін талдап отырып Қазақстанның өз астанасы Астана төріне екі сүйкімсіз мемлекетті қайта-қайта жинап олардың Сириядағы содыр басшыларын ымыраластырған үшін біз, Қазақ елі ертең опық жемейтінімізге кім кепіл? Біздің басымызға АҚШ және Еуропалық Одақ санкциялары ойнамай ма? Себебі біз қатарынан екі изгой мемлекеттің жан досы және жандайшабы болып жүрміз. Бұл саясат бұрынғы Сыртқы істер министрі белгілі орысшыл адам Ыдырысовтың саясатының салдары десем артық айтқан сөз емес. Бұл қателіктерді жою керек. Егер Сауд Арабиясы мен АҚШ бара келе Астана кездесулеріне қосылмаса онда мәслихатты доғару керек.
Оставить комментарий