Түскі асқа ақша табуды ойлаған қайыршы кездейсоқ әлемге танылды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709233154388_small.jpg

Долнальд Гульданың өмірі қиыншылыққа толы. 1998 жылы оның әйелі қайтыс болды. Қайғылы жағдайдан кейін ер адам ішкілікке салынады. Салдарынан оның баласын алып кетеді. Одан кейін жұмысынан шығып қалады.

Көше кезіп, күнін қайыр сұраумен көріп жүрген  Дональд бүкіл әлемге танылды. Флоридадағы музыкалық аспаптар сататын дүкен қаланың 7 аймағында рояльды орналастырады. Ондағы көздеген мақсаттары жанды музыканы дәріптеу. Дональд солардың бірінде ойнай бастайды. Оны жүргіншілер ұялы телефонына түсіріп, желіге жариялап жібереді. Аз уақыттың ішінде әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған адам көріп, небәрі 1 аптаның ішінде Дональд әлемге танылады.

Видеоны көрген халық Дональдқа және өмірде өздерін жоғалтып алғандарға көмектесетін қозғалыстар құрды. Дональд бақыттан көзіне жас алып, жаңа өмір бастайтынын айтады. Ішімдікке құмарлықтан арылып, баласын тапқысы келетінін айтқан.

 

 

Связанные Статьи