Йемендегі жантүршігерлік неке заңдары (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709233209670_small.jpg

Йемендегі неке заңдары әлем халқының жағасын ұстатты. Онда заңды түрде кәмелетке толмаған қыздарды күйеуге беруге рұқсат етілген. Йемендегі 8 жастағы Раван есімді қыздың неке түнінен кейін ішкі қан кетуден көз жұмғаны туралы ақпарат әлемге тараған.

Аталмыш елде өзінен бес есе кіші қыздарды әйелдікке алып, жеке заты ретінде қарайтынын жасырын емес. Кейде қыздардың жақындары мен туыстары оларды 100 долларға сатып жіберетін кездері де болады екен.

Йеменде ата-анасы қызын өте ерте жасында күйеуге беріп, ол 12 жасында бала босанған уақытты көз жұмған.

Статистикалық мәліметке жүгінсек, Йемендегі қыздардың екінің бірі 18-ге толмай тұрмыс құрады. Ал төрттен бірі 15 жасқа толмай күйеуге шығады.

 

Связанные Статьи