Димаш Құдайберген енді АҚШ-ты бағындырды

/uploads/thumbnail/20170710000701028_small.png

Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Таймс Cквердің ең үлкен басты лэд дисплейінде көрсетілуі мүмкін екенін бұған дейін хабарлағанбыз. Әлемді талантымен тәнті еткен қазақстандық әнші Америка жұртшылығына таныстырылды. Бұл туралы Димаштың продюсері Алпамыс өзінің инстаграм парақшасында хабарлады.

"Бұл фотошоп емес!  Бұл әлемнің ең әдемі қалаларының бірі - Нью-Йорк. 101 FM  медиа орталығы танымал жұлдыздар арасында осы құрметке ие болу үшін бәйге жариялаған. Қазақ баласына әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері дауыс берді.  Американың төрінде Димаш Құдайбергеннің  суреті миллиондарға жария болды! Таймс Сквердің  экранынан қазақ әншісін Америка халқы мен қонақтары көре алатын болды" деп жазды Алпамыс. 

 

 

Связанные Статьи