Мұхтар Құл-Мухаммед: Қазақстанға заңдылықты қатаң сақтайтын және жауапкершілігі зор мемлекеттік қызметкерлер керек

/uploads/thumbnail/20170710001452561_small.JPG

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Астанада мемлекеттік қызметті реформалау мәселелері жөнінде партиялық ашық тыңдаулар өткізді. Депутаттардың сауалдарына Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров, ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов, сондай-ақ, бірқатар министрліктер мен өңір әкімдерінің басшылары жауап берді.

Отырысты ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары   биылғы жылы Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан Конституциясына тарихи түзетулердің енгізіліп, ол мемлекеттік басқарудың түбегейлі жаңа үлгісінің негізін қалағанын атап өтті.

«Атқарушы биліктің өкілеттігі айтарлықтай ұлғайды, сонымен бірге барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің қабылдайтын шешімдеріне байланысты жауапкершілігі де күшейді.  Сондықтан сапалы жаңа аппаратты қалыптастыру жөніндегі Елбасы алға қойған міндеттер мүлтіксіз орындалуы тиіс. Бізге заңдылықты қатаң сақтайтын, кәсіби жағынан білікті және жауапкершілігі зор мемлекеттік қызметкерлер керек», - деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи