Жапония Премьер-министрі: Солтүстік Кореяның зымыранды Жапонияға ұшыруының түбінде арандатушылық жатыр

/uploads/thumbnail/20170710004339775_small.jpg

Солтүстік Корея кезекті рет орта қашықтықта ұшатын баллистикалық зымыранды ұшырды. Зымыранның ұшырылғанын АҚШ Қарулы күштерінің тынықмұхиттық қолбасшылығы да нақтылады, деп хабарлайды «Қамшы» ақапараттық агенттігі bbc.com сайтына сілтеме жасап.

Жерүсті зымыраны Корей түбегінің шығыс жағалауынан Жапонияға қарай бағытталды.

Америка әскерлерінің мәлімдеуінше, зымыран Жапон теңізінің бейтарап аймағына құлаған.

Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, зымыран 9 минут бойы ұшқан. Осы уақыт аралығында ол 60 км қашықтықты жүріп өткен.

Солтүстік Кореяның бұл жолғы зымыран сынағы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің АҚШ-қа баруына 1 күн қалғанда жасалып отыр. Қытай көшбасшысының Дональд Трамппен арадағы талқылайтын мәселелерінің бірі де осы - Пхеньянның зымыранды-ядролық әлеуетін ауыздықтау.  

РИА жаңалықтар қызметінің мәліметінше, Жапонияның Премьер-министрі Синдзо Абэ Солтүстік Кореяның ұшырған кезекті зымыранының түбінде арандатушылық жатыр дейді.

«Бұл ҚК БҰҰ революциясына қайшы келетін әрі қауіпсіздік жоспары турасындағы арандатушылық әрекет» деді Абэ.

Жапония Солтүстік Корея тарапынан туындаған мұндай араңдатушылық әрекеттерге төзбей, қатаң наразылық тудырады, деп хабарлайды «Киодо» агенттігі. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи