Полицей қызметкерлері қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, баланың өліміне байланысты куәгерлер табылмады.
Бұл туралы informburo.kz жаңалықтары хабарлайды.
5 жастағы баланың мәйітін көршілері суға толып тұрған тұндырғыштың ішінен тапты. Төтенше жағдай Ақмола облысындағы Целиноград ауданы Воздвиженка ауылында 3 сәуір күні орын алған. Полицей қызметкерлеріне хабар сағат түнгі 22.06-да келіп түскен.
«2011 жылғы баланың тұндырғыштан өлі денесі табылғаны жайында хабар келіп түсті. Бала доп ойнап жүріп, аяқ асты жоғалып кеткен. Алайда, ата-анасы полицияға хабарламай өз беттерінше іздеуге кіріскен. Іздеу жұмыстарына көршілері де араласты. Бір көршісі сағат 21.40 шамасында суға толы тұндарғыштан баланың мәйітін тауып алған», дейді Ақмола облыстық ІІД өкілі Гүлнәр Пинчук.
Бала батып кеткен түндырғыш бірнеше уақыт бойы қолданылмаған. Жердің қожайыны оны келесі жылы пайдаланбақ болған, алайда, құдықтың беті ашық қалған. Су көлемі 1,8 метрге дейін жетіп қалған тұндырғыштан баланы құтқару мүмкін болмады.
Баланың құдыққа құлағанын көрген бір де бір куәгер болмаған. Сондай-ақ, құдықтан баланың добы да табылған. Соған қарағанда, бала құдыққа түсіп кеткен допты алмақ болып құлап түскен дейді тұрғындар.
Баланың денесі мәйітханаға жіберілді. Отбасында қайтыс болған Мараттан бөлек үлкен ұлы бар.
Бүгінде құдық салынған жерге байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оставить комментарий