Ержанат Байқабай мен Шұғайып Сезімханның айтысы (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710005005437_small.jpg

ҚХР Халық ақыны, Алтайдың асау ақыны Ержанат Байқабай жақында Атажұртқа бір жола оралған еді. Ол келе сала «Жүрекке түскен жол» атты шығармашылық кешін өткізген болатын. 25 наурызда Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өткен шығармашылық кеште Ержанат Байқабайдың «Жүрекке түскен жол» атты жыр жинағының тұсауы кесілді. Қазақ поэзиясының асқақ тұлғаларының бірі Жәркен Бөдешұлы мен Ержанаттың өлең мен өнердегі ұстаздары ақын Қайрат Құл-Мұхаммед мен Әбдіғани Бәзілханұлы және Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Жанарбек Әшімжан кітаптың тұсауын кесті.

«Қамшы» ақпарат агенттігі айтыстың арыстаны Бекарыс Шойбектің шәкірті Шұғайып Сезімхан мен кеш иесінің айтысын оқырман назарына ұсынады.

Айта кетсек, Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясында болып өткен шығармашылық кешке танымал өнер жұлдыздары қатысты. Кешті ақын Бақыт Беделхан жүргізіп, Қажымұрат Шешенқұл, Нұрлан мен Шаба, Аққу мен Гүлназ, Зият пен Бибігүл, Жанат Нұрсұлтан сынды өнерпаз әншілер ақынның сөзіне жазылған бір қатар әндер орындады. Сонымен бірге Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері кеш иесінің өлеңдерін әсерлі композициямен әрледі. Кеш иесі өзінің толғаулары мен өлеңдерінен көрерменіне шашу шашты. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи