Наурызбай ауданындағы жер телімдері күштеп тартып алынып жатыр

/uploads/thumbnail/20170710005013953_small.jpg

Алматы әкімдігі Наурызбай ауданындағы «Қарағайлы», «Курамыс» және «Таусамалы» шағын ауданындағы жер телімдерін күшпен тартып алып жатыр деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі krisha.kz-ке сілтеме жасап. Ол жерлер мемлекетке қайтарылып беріледі. Мұндай шаралар қауіптің алдын алу, төтенше жағдайдан сақтану және Қарғалы ауданындағы апатты құтқару жұмыстарын аяқтау болып табылады. Бұл туралы қала басшылығының 18-ші наурыз 2017 жылы шыққан № 1/1-353 қаулысында жазылған.

1-ші мамырға дейін 10 жер телімі қайтарылады. Жекеменшік иелері реквизиция актеріне қол қойған күннен бастап өтемақыны 60 күнтізбелік күннен кешіктірмей алады. 

Естеріңізге салай кетейік, өткен жылы жаздың ортасында Наурызбай ауданынында тасқын жүрген. Салдарынан 40 мың куб су қаланың үш ауданын басып қалды.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи