ҚЫРҒЫЗСТАН ПРЕЗИДЕНТІ: ҚЫРҒЫЗСТАН АУЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНАН ЖАҚСЫ ТҰРАДЫ

/uploads/thumbnail/20170710005504004_small.jpg

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі   "Вечерний Бишкек"-ке сілтеме жасап. Оның сөзінше Халықаралық ТМД елдері арасындағы статистикалық комитеттің жинағында Қырғызстан халқының әр адам басына шаққанадағы жалпы ішкі өнім бойынша Тәжікстаннан басқа барлық көрші елдерден қалыс қалды.  

Алмазбек Атамбаев Қазақстанның ТМД елдерінің арасында аталмыш көрсеткіш бойынша көш бастап тұрғанын айтты. Қырғызстанда бір адамға шаққандағы ЖІӨ Қазақстанмен салыстырғанда 9 есеге төмен. Ал бір адамға бюджет кірісі 7 есеге аз екенін алға тартты. Десек те, Қызғызстан президенті қырғыз халқы Қазақстан тұрғындарынан жақсы тұратынын айтты.

«Барлық есеп бойынша қырғызстандықтар Қазақстан халқымен салыстырғанда 7-9 есе төмен тұруы керек. Қазақстандағы қарапайым адамдардың өмір сүру деңгейі мен Қырғызстан халқының тұрмысында айырмашылықтар бар. Біздің көптеген ауылдарымыздағы тұрғындар көрші елдерден жақсы тұрады» деді Алмазбек Атамбаев.

Бұған дейін Қырғызстан президенті 2010 жылы болған адам шығынына Қазақстанды кінәлаған. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи