Әлемде астың неше түрі бар. Ал мына тағамды жеу былай тұрсын, оны дайындау мүмкін емес. Қытайдың шығысында орналасқан Чже-Зянь аймағында әр жылдың көктем мезгілінде ерекше таңсық ас дайындау дәстүрі бар, деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Қытайда пәк ер баланың зәріне қайнатылған жұмыртқа таңсық ас болып есептеледі. Оны дайындау үшін жасы 10-12-ден аспаған жасөспірімдердің зәрін пайдаланады екен. Сол мақсатта мектептерде арнайы шелектер қойып, дәретхананың орнына мектеп оқушылары сол шелектерді пайдаланады.
Қытай халқының жаға ұстатарлық дәстүрлері мен тағамдары өте көп.