Мемлекеттік дума Медведевке қатысты тергеуді қараудан бас тартты

/uploads/thumbnail/20170710010632692_small.jpg

Наурыздың басында Навальныйдың бастауымен Жемқорлыққа қарсы күрес қоры Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведевтке қатысты тергеу жүргізіп, нәтижесінде Премьер-министрге айыпты деп тауып, Ресейдің бірнеше қаласында Жемқорлыққа қарсы акция өткен. Бұл жайында «Қамшы» ақпараттық агенттігі жазған болатын.

Алайда, Ресейдің Мемлекеттік думасы қордың тергеу мәліметтерін тексеруден бас тартты. Тиісті шешім парламенттің төменгі палатасының пленарлы отырысында қабылданды, деп хабарлайды «Интерфакс».

Ресей коммунистік партиясының мүшелері, депутаттар Николай Коломейцев, Сергей Решульский және Юрий Синельщиков премьер-министрге қатысты тергеудің мәліметтерін тексеруді ұсынған еді. Алайда Мемлекеттік дума бұл бастаманы құптамады.

Қауіпсіздік және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің басшысы Василий Пискаревтің айтуынша, ол «жемқорлықпен күрес қорынан түсетін мұндай материалдардың талайын көрген».

«Осыған дейін қор жүргізген тергеулердің ешқайсысы ақиқатпен сәйкес келген емес. Соңғы тергеу де солай. Ал олардың бізге үнемі насихаттап, дәріптеп жүретін жемқорлыққа қарсы күресіне тіптен қатысы жоқ», - деп атап өтті ол.

Ал, 4 сәуір күні Дмитрий Медведевтің өзі Навальныйдың жүргізген тергеу жұмыстарын барып тұрған «былжырақ», «құр қағаз» деп пікірін білдірген. 

Связанные Статьи