Мәжіліс үйі.Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Өкілетті елшісі Рольф Мафаэльді қабылдады деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агентігі ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар екіжақты қарым-қатынасты, соның ішінде, парламентаралық байланысты нығайтудың маңызды мәселелерін талқылады. Халықаралық тақырыптарға келгенде Н.Нығматулин мен Р.Мафаэль Қазақстан мен Германияның аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудағы ұстанымдарының ұқсастығына назар аударды.
Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы әрекеттің әлемдік бірыңғай желісін құру туралы бастамасының маңыздылығына тоқталды.
Сонымен бірге, Мәжіліс Төрағасы мейманға елімізде жүргізілген конституциялық реформа туралы да баяндады.
Өз кезегінде Р.Мафаэль, соңғы 25 жыл ішіндегі қазақстандық-германиялық қарым-қатынастың даму деңгейіне жан-жақты көңіл бөле келіп, қос мемлекеттің табысына жоғары баға берді.