Қазақстан және Ресей триатлон федерациясының президенттері Ironman қашықтығын жүгіріп өтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі.
Қазақстан триатлон Федерациясының президенті Кәрім Мәсімов Ресейдегі Ironman қашықтығын бағындыруды жоспарлап отыр. Бұл жайында Ресейдегі триатлон федерациясының басшысы Петр Иванов өзінің инстаграм парақшасында жазды.
Айта кетейік, 3.8-180-42 қашықтығы «классикалық қашықтық» немесе Ironman деп танылған. Қашықтықтың жалпы ұзындығы жүзіп өту бойынша – 3,8 км, велосипедпен жүріп өту ұзындығы – 180 км және жаяу жүгіргендегі ұзындық көлемі – 42 км.