Сэр Майкл BBC Radio 4 бағдарламасына берген сұхбатында, Ұлыбритания үкіметі соңғы бірнеше күн бойы АҚШ-пен барлық деңгейдегі келіссөздер жүргізгенін және олардың әлі де қарастырылып жатқанын хабарлады. Сэр Майклдың айтуынша, ондағы жағдайды соғыс деп атауға келмейді. Бейбіт азаматтардың өлімі, басқа соғыстармен салыстырғанда аз. Себебі АҚШ әскері шабуылын нақты жерге бағыттаған деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі.
АҚШ Қорғаныс Министрлігінің бас хатшысы Джеймс Маттис Ұлыбританиямен «Президенттің түпкілікті шешімін алдын ала хабарлау» үшін байланысқа шыққан.
Осыған байланысты, Ұлыбритания Қорғаныс Министрі Майкл Фэллон елдің бұл жайттан құлағдар болғанын, алайда АҚШ тарапынан бірігуге ешқандай ұсыныстар түспегенін алға тартты. Ұлттық ұйымдардың АҚШ әрекетіне қатысты пікіріне байланысты: «АҚШ БҰҰ келісімін алуға барынша тырысты, алайда нәтижесі анық еді. Сирияның өзі аталған ұйымның тыйымдарын елемейді» - деді Джеймс Маттис.
Аударған: Алина Болатбек