Turkish Airlines әуекомпаниясының "Конакри-Уагадугу-Стамбул" бағытындағы рейс барысында Нафи Дьяби есімді азаматша қыз баланы дүниеге әкелді. Бұл сәтте ұшақ жерден 12,800 км биіктікте болған. BBC-дің жазуынша cәбиге Кадижу есімі қойылды.
Ұшақ жерге қонғаннан кейін, ана мен бала Уагадугу қаласының ауруханасына жеткізілді. Қазіргі сәтте екеуінің де жағдайлары жақсы.
Әуекомпания баспасөзі: «Экипаж мүшесі жүктіліктің 28-аптасында болған жолаушының толғағы басталғанын дер кезінде байқап, көмек көрсете алды» деп хабарлады. Жолаушылар экипаж қызметкерлерінің кәсібилігі мен шеберлігіне ризашылықтарын білдірді.