Депутаттардың жалақысы көтерілгені туралы Qamshy.kz оқырманға хабарлаған еді. Депутаттар жалақысының өсіміне қатысты ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко өз пікірін білдірген. Бүгін Парламенттегі жиында тілшілермен сұхбаттасқан вице-спикер мәжілісмендер жалақысының көтерілуін негізді деп сипаттаған.
«Саяси қызметкерлер арасында жалақысы соңғы боп өскен осы депутаттар, Негізі бұл шешім осыдан 4 жыл бұрын қабылданып қойылған еді. Министрліктер мен өзге де ведомстволардағы жалақыны біртіндеп өсіремін дегенше 4 жыл өтіп кетті. Міне, енді біздің кезегіміз келді», - деген Владимир Божко.
Оның айтуынша, саяси қызметкерлердің бәрі бірдей жалақы алуы тиіс. Ал, біздің елде депутаттар саяси мемлекеттік қызметкерлер болып есептеледі.
Айта кетейік, Парламент Мәжілісі депутаттарының жалақысы 2017 жылдың 1 наурызынан бастап 30-50 пайызға көтеріліп отыр. Енді мәжілісмендердің орташа айлық-жалақысы 600-700 мың теңгені құрайы.