Петербордағы метро жарылысын жасаған деп кінә тағылған Акбаржон Джалилов метро ішіне оңайлықпен кірген деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі «Фонтанка» ресейлік сайтына сілтеме жасай отырып.
Сәуірдің үші күні Джалилов метро кіре беріс залына арқасына сөмке асынып кірген. Эскалаторға дейінгі жолды ешкімнің көзіне түспей жүріп өткен. Бекетте аға сержант отыруы керек болатын. Алайда оны «Азаматтық даңғыл» деп аталынатын бекетке ұсақ есірткімен ұсталған азаматты рәсімдеуге көмекке шақырған. Полиция қызметкерінің орнында метрополитеннің қадағалау қызметінің инспекторы қалған. 2011 жылы Домодедовадағы терактіден кейін петерборлық жертөлені пайдалану ережелері өзгеріске ұшыраған болатын. Метрополитеннің қадағалау қызметі жаңа ережеге сай пассажирлер мен олардың заттарын тексере алады. Егер пассажир сөмкесін тексертуден бас тартса, бекет ішіне кіргізілмейді. Джалиловтың арқа сөмкесін тексеру қажет болғанымен тексерілмей қалған. Бейнебақылау камералардағы жазбаларға қарағанда инспектор сөмке тексерудің орнына ұялы телефонындағы ойынды ойнап отыра берген.
Естеріңізге сала кетейік, Петербордағы лаңкестік жарылыстан 14 адам қаза тапты.