«AstanaMusical» театры «Ер Төстік» мюзиклін тарту етеді

/uploads/thumbnail/20170710013336589_small.jpg

 «AstanaMusical» театрының әртістері Елорда тұрғындары мен қонақтарына жаңа керемет шоу – «Ер Төстік» атты қазақ халық ертегісі желісі бойынша жасалған мюзиклін тарту етеді. Мюзикл тұсаукесері 14 сәуір күні «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі.

«Ер Төстік» мюзиклі Ер Төстік батыр туралы көпшілік білетін сюжет қана емес, ізгілік пен зұлымдықтың, жамандық пен жақсылықтың қақтығысы туралы халықтық эпос.

Туындының басты мақсаты Жақсылық, Абырой, Ақыл, Намыс, Махаббат секілді жоғары адамгершілік сапаларды бекіту. Олардың толассыз күші зұлымдықты жеңіп, қараңғылықты сейілтеді. Сондай-ақ, қызыққа толы оқиғалар, батырлық, ерлік және махаббат желісінің таңғажайып шешімі.

Тамаша әуеннің жарқылына толы, бірегей хореография, жанды вокал, керемет бейне инсталляция, бір сәтте ауысып отыратын көз тартарлық декорациялар, әдемі костюмдердің ауысуы мен әртістердің кәсібилігіне толған әсерлі іс-әрекет көрерменді ертегілер әлеміне еліктіріп әкетеді. Спектакль сахнасы заманауи декорациялармен безендірілген, видеоинсталяциялар қосылған, орындаушылар үлкен әртістік шеберлікпен өз образдарын сомдайды.  Осының барлығы музыка авторы – Болатбек Нұрқасымов, либретто авторы – Әннәс Бағдат, сценарист және  қоюшы-режиссері – Есләм Нұртазин сияқты үздік мамандардан құрылған шығармашылық топтың біріккен еңбегінің нәтижесінде дүниеге келді.

Ертеде ұлы жұттан ғаламды түнек жайлаған заман болады.

Төстік дүниеге келіп, оның нұрынан түнек сейіледі. Төстік күн санап өсіп, азамат болып, Кенжекей атты аруға үйленеді.

Перінің қызы Бекторы түнек патшасы Темір ханның бұйрығы бойыншанөкерлері – Дию, Шойынқұлақ, Жалғызкөз, Дүлей, Обырменбірге Төстіктің көзін жоюға келеді. Осылайша “ақ” пен “қараның”таласы басталады.

Бекторы әуелі Төстіктің берекесіздіктен күштері әлсіреген Таусоғар, Саққұлақ, Көлтаусар, Желаяқ, Епті, Қырағы атты алты досын жеңіп, оларды жер астына, түнекке жібереді.

Бекторы дуа мен cиқырлап Төстіктің қаруын (садағын) қолға түсіреді. Бірақ, Төстікке көңілі түсіп, өлтіруге қимай тірі қалдырады.Кенжекей Төстіктің дуасын қайтарып, есін жиғызады. Алайда, Бекторы садағымен бірге Төстіктің арын алып қойған еді. Осы арқылы Төстік пен Кенжекейдің арасына от тастап кетеді.

Төстік достарымен бірге жер бетіне шыққанда, арада жетпіс жыл өткен екен. Төстік жер астына түскеннен бері жер бетін қайта түнек жайлапты. Кенжекей тоқсанға келіп қартайған екен.

Бәйтеректің түсіндіруімен Төстік қанатты пырағы Шалқұйрыққа мініп көкке көтерілгенде күн басты адамға айналады. Осылайша, жер бетіне жарық нұр қайта орнап, уақыт кері айналып бәрі өз қалпына келеді. Жұрт Төстікке мадақ жырын айтады. Осы кезде Темір хан түнектің бар күшін бастап жер бетіне шыққан екен. Күн басты ілкі кемел адамға айналған Ер Төстік түнекті жеңіп, елін қуанышқа бөлеп, сүйген жары Кенжекейге қайта қосылады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи