Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдің Еуропа одағына(ЕО) кіру туралы өтінішін қабылдамағаны үшін Еуропаны сынауға көшті, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық порталы. Ол өз сөзінде «Еуропа түрік халқына істеген қиянаты үшін жауап береді» деді.
9 сәуір күні Измир халқы алдында сөйлеген сөзінде 19 сәуір күнгі референдумнан кейін бұл тақырыпқа қайтып келетіні туралы айтты. Түркия Президенті Еуропаны «ауру адамға» теңеді. Бұл теңеуді 19-шы ғасырда еуропалық шенеуніктер құлдырауға ұшыраған Осман империясына қатысты қолданған.
Ердоған консервативті ислами теңдік және даму партиясының(ТДП) негізін қалаушы. Президент болып сайланғанға дейін 2003-2014 жылдар аралығында премьер-министр қызметін атқарған. Енді ол 19 сәуір күні болатын бүкілхалықтық референдум арқылы елді парламенттік жүйеден президенттік жүйеге ауыстыруға бет алды.
ЕО болса елде мұндай өзгеріс болған жағдайда биліктің бір адамның қолына өтіп кететіндігін ескертуде. Оған қоса, 2016 жылы мемлекеттік төңкерісте Ердоғанның оппозицияны аяусыз тұншықтырғандығын ескере кету керектігін айтты.
Аударған: Ақниет Төленді
Оставить комментарий