Адамдар әдетте көше кезіп жүрген бір топ итті көрсе қорқатыны анық. Төрт аяқты жануар адамға шабуыдауы әбден мүмкін. Алайда, көше кезген иттердің барлығы адамға қауіпті емес. Мәселен жақында Дон бойындағы Ростов қаласында иттер екі жеткіншек қызды бір топ тонаушылардан құтқарып қалды. Иттердің арқасында екі қыз үйіне аман-есен жетті.
Оқиға күндіз болған. Әпкелі-сіңлі, бірінің жасы 16-да, кішісі 9-да дүкенге барады. Оларға қарсы бір топ адам келіп, олардың ақшаларын тартып алмақ болған.
Ұрлықшылардың бірі сіңлісінің қолынан бұрап, телефонын беруді талап етеді. Әпкесі оны сөмкесімен ұрмақ болғанда, басқалары қыздың қолын бұрай бастады. Қыздар көмекке шақырады. Алайда адамдар бір топ қарақшыға қарсы шығуға қорқып, жандарынан өте шығады. Бір уақытта жақын маңнан бір топ ит жүгіріп келіп, ұрлықшыларды қоршап алды. Иттің үргені халықтың көңілін аудара бастады. Өтіп бара жатқан автобус тоқтап, адамдар жинала бастаған. Сол уақытта қорыққан ұрлықшылар қыздардан алып үлгерген заттарын лақтырып, қаша жөнеледі.
Әпкелі-сіңлі бастарынан қиын жағдайды өткерді. Қыздардың білектерінде ұрлықшылардың қолдарының іздері әлі бар.
Қыздар көмек көрсеткен иттерге ризашылық ретінде дүкеннен оларға тамақ алып берді.
Оставить комментарий